ПОЛЕВОД
ВСЕ ДЛЯ БИЗНЕСМЕНОВ,
ПОЛЕВОДОВ И ТЕПЛИЧНИКОВ
  • Вконтакте
  • Facebook
  • Google plus
  • Twitter
  • Youtube

Шымкент:

+7 (7252) 53-68-95

+7 (701)  783-12-66

Алматы:

+7 (708) 972-38-80

+7 (701)  783-12-68

Итальяндық ғалымдардың жоңышқа өсірудегі ғылыми жетістіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметінің, «Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» және де «Ет өнімдерін Ресейге экспорттау туралы» Өкімдерін орындау мақсатында ірі қараның етті тұқымдарын өсіруге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

Дегенмен де жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін, жем-шөп өсіруге айрықша көңіл бөліп, озық ғылыми жетістіктерді пайдаланған жөн. Соның бірі – итальяндық «Continental  Semences» тұқым фирмасының сұрыптап шығарған «Жеа» жоңышқасын өсіру.

Итальяндық ғалымдар Жеа жоңышқасын сұрыптап, элиталық дәрежеге жеткізіп қана қоймай, әрбір тұқымын жеке-жеке иновациялық микробиологиялық нитрагин бактерияларымен және ризамикс тамыр саңырауқұлақтарымен қаптаған. Жеа жоңышқасының егілген тұқымы өніп, тамыр шығара бастағанда нитрагин бактериялары мен ризамикс саңырауқұлақтары жоңышқаның тамырына еніп, бірге өсе бастайды.

Нитрагин. Бізді қоршаған атмосфералық ауаның құрамында азот (N2) 78%-ға жеткенімен, оны ешқандай да өсімдік өзіне ала алмайды. Ал, нитрагин бактериялары өзінің өсіп-көбейуіне қажетті азотты (N2) ауадан алып қана қоймай жоңышқаны азотпен қоректендіреді. Жоңышқаның тамыр түйіршіктерінде, егістіктің әр бір гектарына шаққанда, 400-500 кг азот қорын қалыптастырады. Нитрагин бактерияларының жоңышқамен бірлесіп өсуін ғылымда: “симбиоз”, - деп атайды. Қарапайым тілмен айтқанда “Симбиоз”, - дегеніміз жоңышқа өсімдігі мен нитрагин бактерияларының бір-бірімен бартер жасауы. Нитрагин бактериялары жоңышқаға азот береді де, өзіне қажетті қоректік заттарды алады.

Ризамикс. Ризамикс қазақ тілінде: “тамырсаңырауқұлақ”, - деген мағынаны білдіреді. Ризамикс тамыр саңырауқұлағы, жоңышқа тұқымы өніп, тамыр шығарғанда жоңышқаның тамырына еніп, жердің астында қалың тор тастайды. Кейде тамыр саңырауқұлақтың ұзындығы жүздеген метрге, ал тереңдігі 10-15 метрге жетеді. Өте үлкен көлемді топырақты қамтыған тамырсаңырауқұлағы жоңышқа өсімдігін сумен қамтамасыз еткендіктен, жоңышқа қатты ыстықтарда шөлдемей өте жақсы өседі. Сонымен қатар, тамыр саңырауқұлағы өзінің өте қуатты ферментативтік аппаратының арқасында, жоңышқаны белоктармен, витаминдермен, өсуді ынталандырушы заттармен, фосфор, калии тыңайтқыштарымен қамтамасыз етеді де, өзінің өсуіне қажетті глюкозаны жоңышқадан алады. Жоңышқа мен тамырсаңырауқұлағының бір-бірімен зат алмасып өсуін: “Микориза”, - деп атайды. Микориза – жоңышқа өсімдігі үшін өте қуатты су көзі болып табылады. Сондықтан да, Жеа жоңышқасы судан тарықпай жақсы өседі. Жеа жоңышқасы микоризаның арқасында, кәдімгі жоңышқаға қарағанда 2-3 есе көп өнім береді. Ауыспалы егістікте 3-5 жыл өсіруге болады. Сабағы 1 метр шамасында, жіңішке, жапырағы ірі, азықтық құнары күшті болады және де қалың түптейді. Бірінші жылдың өзінде 2-3 рет, ал кейнгі жылдары 5-6 рет оруға болады.

Жеа жоңышқасы біздің өңірде бірінші рет егілуіне қарамастан өзін өте жақсы көрсете білді.

Шардара ауданы, Алатау батыр ауыл округіне қарасты Қазақстан ауылының тұрғыны Панасидин Дмитрий Викторович алғашқылардың бірі болып Жеа жоңышқасын екті.

Шартарап - Шарайна газетінің редакторы Қары Нұрмахан Қауысұлы: Ауылшаруашылық саласындағы ғылыми жаңалықтарға жаны құмар Панасидин Дмитрий мырза, ауданымызда, қалаберді Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші болып Қостанай облысының Әулиекөл ауданынан әкелінген ірі қараның етті Әулиекөл тұқымын өсіруді қолға алған едіңіз.

Ал биыл болса, итальяндық ғалымдардың шығарған Жеа жоңышқасын бірінші болып ектіңіз. Осы жоңышқа жайлы өз пікіріңізді білдірсеңіз жақсы болар еді.

Панасидин Дмитрий: Соңғы жылдары мал азығы дақылдарының тұқым шаруашылықтарының тарап, селекциялық жұмыстардың жүргізілмеуінің салдарынан, бүгінгі таңда егіліп жүрген жергілікті жоңышқаның өнімділігі өте төмендеп кетті. Сол себептен де жоңышқаның өнімді мол беретін сұрыптарын (сорт) іздестіріп жүргенмін. Жеа жоңышқасы жайлы досым Сапардан алғаш рет естігенімде, көңілімде: “Қандай болады екен”, - деген күдіктің де болғаны рас. Оның да өзіндік себебі бар. 2013 жылы менің жоңышқа тұқымын іздеп жүргенімді пайдаланып. Алаяқтар маған біржылдық шөптің тұқымын сатып кеткен. Жер сипап қалдым. Сонда да белімді тәуекелге буып, Сапардың берген ұялы телефон номері бойынша “Южный полевод” фирмасының агрономы Омаров Серікке хабарластым.

Омаров Серік “Южный полевод” фирмасының Қазақстан нарығында 10-жылдан астам уақыт істейтіндігін, Шымкент қаласы Қазыбек би көшесі 78 ғимаратта тұрақты мекен жайы, қоймалары барын және де қажет болған жағдайда Жеа жоңышқа тұқымына қажетті барлық құжаттармен (итальяндық, қазақстандық сертификаттар, тұқым инспекциясы лабораториясының сараптамасы, кедендік рәсімдеу құжаттары) таныстырып кепілдік беретінін айтып, Шымкент қаласындағы фирма офисіне шақырды. Барлық құжаттарын көріп, көңілім жай тапқан соң, 33 гектарға егуді ұйғарып, қажетті Жеа жоңышқасының тұқымын сатып алдым. Сәкеңнің ұсынысы бойынша, арпа-бидай араластырмай жоңышқаның тұқымын таза өзін себуге бел будым. 26 наурызда 12 гектар жерге тұқым сеуіп болғанымда, қалған жерлерге су түсіп кетті. Өкінішке орай, жоңышқа еге алмағандықтан, мамырдың басында мақта егуіме тура келді. Келесі жылы наурыз айында барлық жерге Жеа жоңышқасын егемін. Жеа жоңышқасы мен күткен нәтижеден де асып түсті. Шығымы 100% болды. Өнім шыққаннан бастап, жапырақтары ірі болды, бойы тез өсті. Менің жоңышқаммен қатар егілген жергілікті жоңышқалар тырбыйып 4-5 см-ге зорға жеткенде, Жеа жоңышқасының бойы 20-25 см-ге жетті. Еккен жылдың өзінде (текучканы) 3 рет орамын деп үш уйықтасам да түсіме кірмеген еді. Жеа жоңышқасын 1-ші рет маусым айының 15-іне, бойы кіндіктен келіп гүлдей бастағанда ордым. Алғашқы орақтың өзінде әр гектарнынан 300-ге жуық пресстелген шөп алдым. Бірінші орақтан кейн-ақ Жеа жоңышқасының әр түбі 4-6 сабақтан шығарып шақтады.

Нұреке, өзіңіз көріп отырған екінші орақ кеше, яғни 16 тамыз күні орылды.

Жоңышқаны, ауылымызда темірден түйін түйген, қазақтың кулибині атанған комбайнер Бекназар Добысов, өзі қолдан жасаған 2,5 метрлік жаткамен орды. 2,5 метрлік жаткамен орғанның өзінде валоктағы масса қөз қуантады, ал егер жатқа 5-6 метрлік болғандағы валоктың бойын көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Екінші орымның өнімділігі 350 престің жобасында болмақ.

Үшінші орақты 30-шы қыркуйек пен 10 қазан айларында оруды жоспарлап отырмын.

Нұреке, біздің ауылға келген сәтіңізді пайдаланып, сіздің газет арқылы досым Сапарға, Жеа жоңышқасы туралы хабар бергеніне ризалығымды білдіріп, алғысымды айтқым келеді.

Біз өз кезегімізде, Панасидин Дмитрий мырзаға берген сұхбаты үшін рахметімізді айтып, ұялы телефон арқылы комбайнер Бекназар Досыбаевқа хабарласып, Жеа жоңышқасы жайлы өз пікірін айтуды өтіндік.

Комбайнер Досыбаев Бекназар: Комбайнға отырып, жоңышқа оғаныма бірнеше жыл болғанымен, дәл Жеа жоңышқасындай еккен жылы (текучка) үш орымға келетін жоңышқаны алғаш рет көруім. Жоңышқа қалың, тығыз, бойы биік, сабағы жіңішке, престелген шөбі сояу-сояу болмайды.

P.S. “Южный полевод” фирмасының агрономы Омаров Серік Мұсабекұлы.

Жеа жоңышқасының тұқымын ақпан айының соңында, наурыз айында, топырақтың температурасы +2+3 °С болғанда, 0,5-1 см тереңдікке себеді. Әр гектарға 25 кг тұқым себіледі. Қағаз қаптағы тұқымның салмағы 25 кг, соның ішінде 17 кг жоңышқа тұқымы да, ал қалған 8 кг әрбір тұқымды біртіндеп қаптаған иновациялық микробиологиялық нитрагин бактериясы және ризамикс тамырсаңырауқұлағы құрайды.

Қысқасы, 1 гектарға себілетін 1 қап (25 кг) Жеа жоңышқа тұқысының бағасы 40 000 теңге тұрады. 1-ші қыркүйектен соң, итальяндықтар бағаны 12-13% көтерген соң 44 800 – 45 000 теңгені құрауы мүмкін. Әрине, жергілікті жоңышқаның тұқымының бағасымен салыстырғанда (1000-1100 тг) Жеа жоңышқасының тұқымы қымбатырақ (1600-1800 тг). Жергілікті жоңышқа тұқымының бағасымен салыстырғанда, Жеа жоңышқасының тұқымының бағасы әр гектарға 20 000 – 25 000 теңгеге қымбатырақ түседі. Ал тиімділігіне келер болсық, жергілікті жоңышқаның еккен жылы (текучка) 1 орым беретінін, Жеаның (текучка) 3 орымымен салыстырып болмайды. Жоғарыда айтылғандай, Дима 1-ші орымда әр гектардан 300 пресс щөп алды. 1-ші орымдағы әрбір пресс 240 теңгеден болғанда, 1 гектар Жеа жоңышқасы 72 000 теңгенің өнімін берді. Демек, 1-ші орымның өзі тұқымның бағасын, жерді длинобозбен тегістеуге, жерді жыртуға, дискілеуге, малалуға, жоңышқаны себуге кеткен шығындарды толық өтеді. Ал екінші орымныңң бағасы 270 теңге екенін және де екінші орымда әр гектардан 350 пресстен алатынын ескерсек, әр гектардың 2-ші орымдағы кірісі 94 500 теңгені құрамақ. Бұған 3-ші орымды қосыңыз. Демек, жергілікті жоңышқаға қарағанда, Жеа жоңышқасы еккен жылдың (текучка) өзінде әр гектарынан 260 000 теңгенің өнімін береді.

Арзанның сорпасы татымайды дегендей, жұмыртқадан жүн қырққан алаяқтардың: “Мынау Жеа жоңышқасының қолдан алынған арзан тұқымы”, - деген алдауларына түсіп қалмаңыздар. Жеа жоңышқасының тұқымын қолдан алғанымен, әрбір тұқымды біртіндеп нитрагин бактериясы мен ризамикс тамысаңырауқұлағымен қапталмағандықтан жоғары өнімділікке қол жеткізуге болмайтынын ескерулеріңізді өтінемін.

Құрметті, Дихан қауымы, табыстарыңыз мол, бай және қуатты болыңыздар!!!

Агроном, Серік Омаров.

 

 

Поделиться:  

Просмотры: 279

 

Назад